Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты

Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты

Алматыда 32 жастағы ер адамды өзінің автокөлігі басып кетті, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

  • 12 Қараша 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға Мұқанов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болды. «Хонда Шатл» жүргізушісі автокөлікті жолдың бойына қойып, алайда қол тежегішін қоспаған. Салдарынан машина солтүстік бағытқа жылжып кетіп, тап сол шақта автокөліктің алдында тұрған жүргізушіні басып кеткен.

Ер адам оқиға орнында ашық бас-ми жарақаты мен ішкі органдарының зақымдануынан көз жұмды.


Болған жағдайдың егжей-тегжейін тергеу анықтайды.