Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген

Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген

Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген. Жалған полицей Рысқұлов Жангелдин көшелерінің қиылысында "қызметін жүргізген". 

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 574
Фото - Caravan.kz


Ол осы маңдағы мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойған жүргізушілерден ақша бопсалаумен айналысқан. Оның əрекеті Жетісу ауданында қызметін атқарып жүрген «Буран-152» жол-патруль экипажының қызметкерлерінің күдігін туғызады. 
"Түнгі сағат 1-лерде жолдағы азаматтарды тоқтатып тұрған полицейді көрдік. Оның əрекеті күдік туғызды. Өйткені біз көптен бері автопатрульдеуге көшкенбіз. Тексеру кезінде ер адамда жалған құжат, қосылмаған радиостанса, кісен, ІІД қызметкерлеріне арналған жадынама табылған", — деді полиция сержанты Серік Оразханов.
Оқиға орнына Жетісу ауданы ІІБ жедел тергеу тобы шақырылды. 
Анықталғаны, бұл ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. 
Полиция формасын ашық саудада сатып алған.
null

Соңғы жаңалықтар