Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды

Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды

Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы екі жасар өгей баласын өлтіру фактісі бойынша 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

  • 26 Қараша 2019
  • 68
Фото - Caravan.kz

Іс бойынша тыңдаулар жақын арада Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта басталады.

Қалалық прокуратураның мәліметіне сәйкес, іс Қазақстанның қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы – "Дәрменсiз күйдегі адамды өлтіру" бойынша тергелді.

"Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", — деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Қылмыс 2019 жылдың 23 қыркүйегінде жасалған.


Тергеу анықтағандай, бала өгей әкесімен үйге келе жатқанда мазасызданған. Оны тыныштандыруға тырысқан ер адам ұлға бірнеше рет соққы жасапты.

Алған соққыдан бала жерге құлап, басын ұрып, есінен танып қалады. Сол кезде өгей әкенің ойында оны өлтіру пиғылы туындайды.

Осылайша, ес-түссіз жатқан ұлдың ішін жұдырығымен қатты ұрып жіберген. Бұл оқиғаға куә болған кездейсоқ адам сол жерге жедел жәрдем шақырыпты. 

Соңғы жаңалықтар