Жарияланды: 60

Алматыда ер азамат автобустың астына жатып алды

Алматыда ер азамат автобустың астына жатып алды

 

Алматыда ер азамат жолаушылар автобусының жолына жатып алып, оның жүруіне кедергі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматыдағы Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамада орын алған.

Ер адамның бұл қылығы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұған қоса тұрғын ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді. Бейнежазбада тәртіп сақшылары мас азаматты күштеп, автобустың астынан шығарып жатқандығы көрінеді.

Оқиға туралы ресми хабарлама келіп түкен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін