Алматыда ер азамат жан досын өлтіріп, оның мәйітін монша ішіне көміп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер азамат жан досын өлтіріп, оның мәйітін монша ішіне көміп тастаған

Алматыда ер азамат жан досын өлтіріп, оның мәйітін монша ішіне көміп тастаған

Алматы облысында жан досын балтамен өлтіріп, мәйітті моншаға көмген қаскөй ұсталды.

  • 7 Қараша 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды.

Марқұмды көмгені аздай, қайтыс болған досының інісіне цемент әзірлетіп, бетон төсеткізген. Қылмыскер қашып кеткен, дегенмен қанға оранған көрпені өртеуге ұмытып кетіпті. Күдіктіні іздеймін дегенше мәйіт үш күн бойы күл қоқыстың астында сасып жатқан.

Ақшаға келіспеген екі ауылдастың әңгімесінің соңы жанжалға ұласқан. 72 жылғы азамат өзінің досының мойынтұсынан балтамен өлтіріп алады.

Қылмысын жасырмақ болған азамат мәйітті құрылысы бітпеген моншаға көміп тастаған.


Қанішер мәйітті киімімен қоса фундамент астына жатқызады, үстіне бетон төсейді. Ең сорақысы марқұмның бауыры келгенде құрылысты тез аяқтау керек деген желеумен туған інісіне өз ағасын қолымен көмуге мәжбүрлейді.

Соңғы жаңалықтар