Алматыда ерекше кітапхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ерекше кітапхана ашылды

Алматыда ерекше кітапхана ашылды

Бүгін Алматыдағы Мәдениет жылы аясында 28 панфилофшылар саябағында инновациялық UNI жобасының салтанатты ашылуын жариялау рәсімі өтті.

  • 17 Шiлде 2012
  • 707
Фото - Caravan.kz

Ол АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулдығы, Шеврон, Халықаралық білім бойынша американдық кеңес (АКСЕЛС) және С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының біріккен жобасы. Ол қоғамдық орындарда, алаңдарда, демалыс саябақтарында орналастырылатын модульдік жылжымалы кітапхана немесе шағын оқырмандар залы. Мақсат — оқуға деген қызығушылықты арттырып, көпшіліктің өзара байланысын кітап арқылы ұштастыруда қоғамдық орындарды тиімді пайдалану. Бұл өмірі өнегелі азаматтармен кездесіп, пікір алмасып, шет елдерде білім алу жолының ақпараттық жобаларымен танысу, танымдық түрлі шараларға қатысудың қала тұрғындары, қоғамдық орындар үшін жаңа мүмкіндіктің қайнар көзі.

UNI жобасы: көркемсуретті кітаптардың, әдеби альбомдардың, анықтамалық кітаптардың балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге арналған мерзімді басылымдардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүйеленген жиынтығы. Ол Медеу, Түркісіб, Алатау, Жетісу, Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарында орналасып, 2 қыркүйекке дейін халыққа қызмет көрсетеді. UNI кітапханасы — қаланың шет аймақтарындағы балаларға және жалпы тұрғындарға әдебиет саласынан түрлі ақпараттық мәліметтер алуға мүмкіндік туғызатын болашақтың кітапханасы.

Перейти к новостям спорта