Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Alash Pride» командасы әлем құрамасымен халықаралық матч өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Alash Pride» командасы әлем құрамасымен халықаралық матч өткізді

Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Alash Pride» командасы әлем құрамасымен халықаралық матч өткізді

Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Alash Pride» командасы әлем құрамасымен халықаралық матч өткізді.

  • 22 Желтоқсан 2011
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бұл спорт додасындағы басты кездесу Александр Емельяненко мен Төлеген Ақылбеков арасындағы жекпе-жек болды. Онда 29 жастағы жамбылдық еркін күрес, джиу-джитсу мен самбо шебері әйгілі қарсыласын әбден састырды. Бұған дейін қарсыластарын тік жүріп жеңуді әдетке айналдырған ресейлік спортшы ауырту тәсілімен ғана масқара жеңілістен құтылды.

Т. Ақылбеков бұған ережесіз жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, оның екеуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Оның спорттық мансабындағы ең жоғары нәтижесі 2005 жылғы ISCP тұжырымы бойынша ережесіз жекпе-жектен Сеулде Әлем чемпионатының жүлдегері, ал Астманада WKF тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы атануы болды. Бұл кездесу Төлегенге өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашты.

Ережесіз жепе-жектің ProFC нұсқасы бойынша бұрынғы Әлем чемпионы, әскери самбодан Еуропа чемпионы, самбо мен дзюдодан Ресей чемпионы саналатын Александр Емельяненко бұған дейін ережесіз жекпе-жектен 23 кездесу өткізіп, тек оның бесеуінде ғана жеңіліс тапқан еді. 12-қарашада Магомед Маликовқа нокаутпен, ал 2010 жылы 18-желтоқсанда Питер Грэхемге техникалық нокаутпен есе жіберген Алесандр бұл жеңіліс сериясын тоқтатуға қолы жетті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера