Аталмыш шараның ұйымдастырушылары — Халықаралық сайыстарды ұйымдастыру алқасы мен «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешені және ҚР шаңғымен тұғырдан секіру жөніндегі қауымдастығы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара 2017 жылы өтетін Әлемдік Универсиаданы Алматыда өткізуді насихаттау аясында өткізілмек және еріктілер қозғалысының позитивті имиджін жастар арасында көтеру мақсатында ұйымдастырылмақ.
Шара барысында биылғы жылы 29-30 тамыз аралығында Алматыда өткен Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлемдік Гран При Кубогының жазғы кезеңіне белсенді қатысқан еріктілерді марапаттау рәсімі өтеді. Белесенділік көрсеткен еріктілерге Алғыс хаттар мен демеушілер атынан арнайы кәдесыйлар табысталатын болады. Акцияның ресми бөлімі еріктілерге арналған қызықты думанды кешке жалғасады.