Көше бойын жағалап тұратын мұндай қыздарды арсыз қызметі үшін жауапқа тарту заңда көрсетілмеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары оларды қандай да бір тіркеуде бар-жоғын тексеру үшін бөлімшеге әкеліпті. Жалпы, өткен демалыс күндерінен бері қала бойынша жыныстық қызмет көрсететін 113 қыз қолға түскен. Олардың 39-ы Абай даңғылының бойынан ұсталса, 74-ін Сейфуллин көшесіндегі қоғамдық орындардан тауып алған. Барлығы бей-берекет қоқыс тастағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және адамдарға өз қызметін ұсынып, мазасын алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.