Caravan Logo

Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердің тағы бір тобы ұсталды

Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердің тағы бір тобы ұсталды

Көше бойын жағалап тұратын мұндай қыздарды арсыз қызметі үшін жауапқа тарту заңда көрсетілмеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары оларды қандай да бір тіркеуде бар-жоғын тексеру үшін бөлімшеге әкеліпті. Жалпы, өткен демалыс күндерінен бері қала бойынша жыныстық қызмет көрсететін 113 қыз қолға түскен. Олардың 39-ы Абай даңғылының бойынан ұсталса, 74-ін Сейфуллин көшесіндегі қоғамдық орындардан тауып алған. Барлығы бей-берекет қоқыс тастағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және адамдарға өз қызметін ұсынып, мазасын алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 

Loading...