Тәртіп сақшыларыының мәліметіне сәйкес, Ұлы отан соғысыынң ардагері, 78 -жастағы қарт пен оның 1-топтағы мүгедек жұбайының өлі денесі өз үйлерінен табылған. Екеуін де қаныпезерлер бауыздап өлтірген екен.
Шұғыл шаралардың нәтижесінде қылмысқа күдікті 23-25 жас аралығындағы 5 жігіт ұсталды. Олар алғашқы тергеуде қылмыстарын мойындады. Олардың айтуынша, зейнеткерледің үйіне олар еркін кірген. Қариялардан бстапқыда ақша, артынан ішімдік талап етеді. Бұл талаптары орындалмаған соң зейнеткерлерді пышақтап өлтірген. Тергеу барысында қылмыскерлердің үйден небәрі 400 теңге тапқаны анықталды. Ұсталғандардың бәрі де бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар.