Н.Мырзалиевтің айтуынша, шілде айында Тәжікстан Республикасының қауіпсіздік министрлігімен бірлесе өткізген арнаулы шара барысында еліміздің ІІМ-нің 10-департаменті 10-бөлімі қызметкерінің халықаралық қылмыстық топтың іс-қызметіне қатысы бар екені анықталды. Ол 26-тамызда героин сатушыдан ақша алып жатқан жерінен қолға түсті.
Сонымен бірге 22-тамызда шұғыл-іздестіру шараларының барысында есірткінің екінші айналымын ұйымдастырғаны және оған қатыстылығы үшін, оларды заңсыз сақтағаны және заңсыз есірткі айналымына қатысы бар республика азаматтарының қылмыстық іс-әрекетінің дәлелдерін фальсификациялағаны үшін ҚР ІІМ көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД мен 10-департаменттің қызметкерлері ұсталды.
Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті