Алматыда есірткі шеккен жігіт жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі шеккен жігіт жол апатына себепкер болды

Алматыда есірткі шеккен жігіт жол апатына себепкер болды

Алматыда есірткі шеккен азамат жол апатына себепкер болды. Куәгерлер түсіріп алған бейнекөріністе оның еліріп алғаны анық көрініп тұр. Тіпті ол әрең тіл қатып отыр.

  • 8 Тамыз 2015
  • 457
Фото - Caravan.kz

Уважаемый, что случилось?

— Ниче, все нормально! А-а-а…

— Что случилось? Что произошло?

— Пффф, нормально все.

— Нормально?

— Да.

— А машина ваша?

А-а-а…

«Пежоның» тізгінінде болған жігіт орталық көшелердің бірінде «Лексусты» соғып, қозғалысты қиындатқан. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды. Алғашқы сәттерде онымен сөйлесу қиынға соққан. Себебі, аузынан көбік ағып, түсініксіз қимылдар жасап отырған. Ал арада 20 минут өткен соң ештеңе болмағандай есін жиып алыпты. Мамандардың айтуынша, бұл «спайс» секілді қоспаны шегіп алғаннан болуы мүмкін. 

Жандос Мұратәлиев, Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

— Нашақорлықты қабылдап, жүргізіп бара жатып жол апатын жасағаны үшін 5 жылға куәлігінен айырылады. Ол мысалы ешкімді қағып кетпей, жол апатын жасамай біздің қызметкерлермен ұсталса, онда 3 жылға ғана куәлігінен айырылушы еді.

Соңғы жаңалықтар