Алматыда есірткі таратқаны үшін зейнеткер қолға түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі таратқаны үшін зейнеткер қолға түсірілді

Алматыда есірткі таратқаны үшін зейнеткер қолға түсірілді

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда есірткі таратқаны үшін зейнеткер қолға түсірілді , деп хабарлайды агенттік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Мамыр 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция қызметкерлері бірнеше айдан бірі Алматының 60 жастағы зейнеткері есірткі саудасымен айналысатынын болжаған, бірақ оны қылмыс үстінде ұстауға мүмкіндік болмады.

«Ол өте сақ болатын. Үйге тек жақсы таныстарын ғана кіргізетін. Өнім үшін ақшасын алмай жатып, ол ақшаны ауыстыру үшін клиенттерді дүкенге жіберетін. Сол арқылы зейнеткер белгіленген ақшалардан өзін сақтап отырған», — деді Алматы ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Зейнеткердің үйіне кіру үшін шұғыл уәкілдер арнайы «Арлан» бөлімшесін шақырды. Қолға түскен зейнеткерді тексеру барысында одан полиэтилен дорбаға салынған героин табылды. Өткізілген сараптама қорытындылары бойынша тәркіленген есірткінің салмағы екі жүз грамға жуық болған. Үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері қобдишаның ішінен сатуға дайындап қойған героин салынған кішкентай үш орамды тапқан. Зейнеткерден есіркімен бірге есірткі сауда- саттығы нәтижесінде тапқан қомақты қаржы тәркіленді.

Алматы ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының шұғыл әрекет ету уәкілдері бірнеше апта бұрын ірі көлемде есірткіні тәркіледі. Арнайы шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Тәжікстанның қылмыстық тобын қолға түсірді.

«Бізге, Алматыда Тәжікстаннан келген бірнеше азамат есірткі саудасымен айналысып жатыр деген ақпарат келіп түсті. Біз Алмалы ауданында пәтерді жалға алып тұрып жатқан Тәжікстан азаматшасын тексеріп, одан жеті келі героин тәркіледік. Есірткі саудасынан түскен ақшаны айлакер есіркі саудагерлері отанына аударып отырған «, — деп хабарлады Е. Кебекбаев.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері қазіргі кезде Қазақстанға жеткізіліп отырған есірткі арнасын анықтап жатыр. Алматының ішкі істер департаменті қолға түскендерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша қылмыскерлер он бес жылға бас бостандығынан айрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті