Алматыда есірткі тасымалдаушыдан 57 кг-ға жуық марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі тасымалдаушыдан 57 кг-ға жуық марихуана тәркіленді

Алматыда есірткі тасымалдаушыдан 57 кг-ға жуық марихуана тәркіленді

Полиция қызметкерлерінің сейсенбі күні кешке Алматының Әуезов ауданында жүргізген арнайы шарасы барысында 57 кг-ға жуық марихуанамен есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД.

  • 8 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Тәртіп сақшылары 25жастағы Владимирді Өтеген батыр көшесінде байқап қалған. Оның қолында өсімдік тектес затқа толы екі үлкен жол сөмкесі болған», — делінген ведомствоның ақпаратында.

«Жедел түрде жүргізілген сот-химиялық сараптама көрсеткендей, тәркіленген сөмкелерде жалпы салмағы 56 кг 800 г «марихуана» есірткі заты болып шықты». «Бұл аса ірі салмақ болып есептеледі», — деп хабарлайды ІІД.

«Сатуға арналған осындай көлемдегі есірткі заты туралы бізге оперативті шаралар барысында белгілі болды. Назарымызға бұрын сотты болған, есірткі заттарын тасымалдау кезінде ұсталған азамат ілікті», — деп мәлім еткен Алматы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Денис Лоскутовтың сөздері ақпаратта келтіріліп отыр.

Оның атап көрсетуіше, оперативті қызметкерлерге Алматы қаласына марихуана жеткізілетін арнаның барлық қатысушылары туралы нақты ақпарат белгілі. Олардың мәліметтеріне сәйкес, есірткі қалаға Шудан әкелінген, көтерме сатып алушы да осы жерден табылған Владимир тауарды сатып алушыға жеткізетін курьердің ролін атқарған.

«Аз.В. – қылмыстық тізбектің бір тармағы ғана. Біз бұл арнаны анықтадық, жақында ол толығымен жойылады. Фигурант аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оған айып тағылды, және қамауға алынды», — деп қорытындылады подполковник.

Соңғы жаңалықтар