Отырыстың күн тәртібінде 24 мәселе қарау көзделген. Солардың кейбіреуіне тоқталсақ, «ЕурАзЭҚ жалпы кедендік тарифін қалыптастыру туралы», «Өзара сауда-саттықта арнаулы қорғаныс шаралары, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше елдердің ішкі рыногін қорғау тетіктері туралы» , «ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің өзара сауда-саттық, қызмет көрсету және инвестициялық іс-қызметінің ахуалы мен динамикасына әсер етуші факторларға жан-жақты талдау жасау туралы» мәселелер талқыланады.
ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.