Алматыда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын құру концепциясы қаралмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын құру концепциясы қаралмақ

Алматыда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын құру концепциясы қаралмақ

АЛМАТЫ. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Сейсенбі, 30-қаңтар күні Алматыда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың тұрақты өкілдері комиссиясының 43-ші отырыс өтеді, отырыста ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын құру концепциясы қаралмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2007
  • 516
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, отырыс барысында Орта Азия аймақтарындағы су энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану концепциясының жобасын қарау жоспарлануда.

Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібіне біртұтас транспорттық кеңістік құру концепциясы мен ЕурАзЭҚ мүше елдердің біртұтас кеден одағын құруға қажетті құжаттар дайындау мәселелері қосылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, ЕурАзЭҚ құрамына Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресеу, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта