Алматыда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің орталық банктері басшылары кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің орталық банктері басшылары кеңесінің отырысы өтуде

Алматыда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің орталық банктері басшылары кеңесінің отырысы өтуде

Бүгін, 13-қарашада Алматыда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің орталық банктері басшылары кеңесінің 8-отырысы өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

Отырысқа Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь және Қырғызстан республикаларының Орталық банктерінің басшылары қатысуда. Кездесу жабық есік жағдайында өткізілуде. Күн тәртібіне сәйкес отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің банк жүйесін дамыту бағдарламасын талқылап, аталмыш елдердің Орталық банктерінің бағалы қағаздар рыногіндегі іс-қызметі туралы , сондай-ақ, Қоғамдастыққа мүше елдердің қаржылық ұйымдарының іс-қызметіне қаржылық есептің халықаралық стандарттарын енгізу мәселесі бойынша өзара ықпалдастықты ұйымдастыру туралы сарапқа салады.

Сондай-ақ, шараға жиналғандар Орталық банктердің валюталық реттеу және бақылау саласындағы болашақ ынтымақтастық жоспарының жобасы туралы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйелерінің өзара ықпалдастық тетіктерін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқыламақшы.
Күн тәртібіне шығарылған мәселелерге сәйкес Қоғамдастыққа мүше-елдердің банк саласындағы заңнамаларын үйлестіруге қатысты ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 2004-2006-жылдарға арналған жоспарының жобасы мен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің валюта саласындағы ынтымақтастық жөніндегі концепциясының жобасы қаралады.
Бүгінгі шара аясында сондай-ақ, Кеңестің 7-отырысы шешімдерінің орындалу барысы және кезекті 9-отырысты өткізу мәселелері де сарапқа салынады. ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Орталық банктері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге 2001-жылы Мәскеуде өткен кеңестің бірінші отырысында қол қойылған болатын. Кеңес ЕурАзЭҚ аясындағы тиімді ықпалдастықты қамтамасыз ету мақсатымен құрылған нұсқаулық сипаттағы шешімдер қабылдауға құқығы бар консультативтік -кеңестік орган болып табылады.
ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.