Алматыда Еуразиялық банк баспасөз клубының бірінші отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Еуразиялық банк баспасөз клубының бірінші отырысы өтті

Алматыда Еуразиялық банк баспасөз клубының бірінші отырысы өтті

Алматыда «Несие портфелінің сапасы: тәуекелдер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Еуразиялық банк Баспасөз клубының бірінші отырысы болып өтті.

  • 24 Маусым 2011
  • 600
Фото - Caravan.kz

Кездесуге 20-дан аса журналистер — Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында интерактивті тілдесу тәртібінде несие портфелін бағалау критерийлері, несие тәуекелдерін басқару технологиялары және бүгінгі таңдағы скорринг-жүйелер сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар 2011 жылы Қазақстанның екінші деңгейлі банктері несие портфелдерінің сапасын жақсарту болашағы туралы пікір алмасты.

Дөңгелек үстел жұмысын «Еуразиялық банк» АҚ-ның Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон басқарды. Ол өзінің кіріспе сөзінде несие портфелдерінің сапасы туралы мәселе Қазақстанның банк жүйесі үшін де, сондай-ақ жалпы әлемдік банк жүйесі үшін де ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қазақстандық банктер Ұлттық Банктің жетекшілігімен несие портфелдерін зиянды активтерден тазалау мәселесін шешумен белсенді түрде айналысуда. Банк саласының Қазақстанның экономикалық дамуына тиімді қатысуы аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне тікелей байланысты»,-деді ол. Оның айтуынша, Еуразиялық банк жалпы алғанда 2010 жылы өз несие портфелін проблемалық заемдардан тазартып, оның сапасын лайықты деңгейге көтере білген.

«Бұл ретте Банк аталған мәселелерді шешуде Банктің ғана емес, сонымен бірге Клиенттердің де мүдделерін ескереді және болашақта да сол ұстанымды көздейді,-деп атап өтті Майкл Эгглтон.

Еуразиялық банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Роман Машчык дөңгелек үстел барысында Банктің несие тәуекелдерін басқару тәжірибесі туралы ақпарат берді. Машчык мырзаның пікірінше, қазақстандық банктер несие тәуекелдерін бағалаудың халықаралық стандарттарын кеңінен пайдаланған жағдайда табысқа жету мүмкіндіктері бар.

«Мәселен, Еуразиялық банкте корпоративтік клиенттерге несие берген кезде компанияның ақша ағындары мен мүмкіндіктерін олардың таралуы бойынша жете талдауға негізделген ішкі корпоративтік рейтингтер қолданылады. Жеке тұлғаларға несие беру барысында барлық шешімдер дерлік автоматты тәртіпте, скорринг жүйесінің бағалауы негізінде қабылданады. Скорринг жүйелері жұмысының мәні — клиенттің әлеуметтік, отбасылық және демографиялық сипаттамаларын талдау негізінде оның төлем қабілеттілігін статистикалық бағалау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайы мен несиелік тарихы. Бұл ретте Банк пен Заемшының нақты өзара қарым-қатынас дерегіне сүйене отырып, клиенттердің скорринг-карталарын ұдайы талдап және түзетіп отыру қажет»,-дейді Роман Машчык. Оның айтуынша, ішкі корпоративтік рейтингтер жүйесі мен баламалық скорринг механизмдерінің болуы несие тәуекелдерін тиімді басқару шарттарының бірі болып табылады.

Кездесуге қатысушылар қоғамда кеңінен талқыланып жүрген елдің қаржы саласын сауықтыру бағдарламасы туралы да сөз қозғады.

Банк Баспасөз клубы мүшелері көпшілігінің ойынша аталған бағдарлама Қазақстанның банк жүйесінің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін басты мәнге ие. «Бұл жағдайда бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты концептуалды, сондай-ақ техникалық мәселелерді де жете зерделеу аса маңызды»,-деп санайды сарапшылар.

Аталған мәселе бойынша пікірталас барысында Майкл Эгглтон кездесуге қатысушыларды банктік несие портфелдерін зиянды активтерден тазалаудың халықаралық тәжірибесі туралы таныстырып өтті.

Дөңгелек үстел соңында М. Эгглтон мен Р. Машчык отырысқа қатысушылардың банктік қызметтің түрлі салаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар