Алматыда фандрайзинг мәселесіне арналған семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда фандрайзинг мәселесіне арналған семинар өтті

Алматыда фандрайзинг мәселесіне арналған семинар өтті

Бүгін, 5-қыркүйекте Алматыда Орталық Азия республикалары мен Қазақстандағы фандрайзинг мәселесіне арналған алғашқы халықаралық семинар өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 501
Фото - Caravan.kz

Семинарды Қызылордалық әйелдердің ақпарат орталығы «Қазгермұнай» Бірлескен кәсіпорнының қаржылық қолдауымен ұйымдастырды. Жоба Халықаралық фандрайзинг институы мен Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігімен әріптестік аясында өткізіліп отыр.

Семинарға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және қайырымдылық қорлар, мемлекеттік әлеуметтік мекемелер мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Түрікменстанның денсаулық сақтау және білім беру саласының 60-тан астам өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты — әлеуметтік және білім беру саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру мен қайырымдылық көмек мақсатына қажетті қаржы тарту және іскерлік байланыстар орнату жолдарын үйрену, ірі донорлармен ұзақ мерзімді әрі тұрақты байланыстар орната білуге машықтану болып табылады.
Сонымен бірге, семинар барысында коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен қайырымдылық акцияларына жергілікті деңгейде қаржы жинау шеберлігін арттыруға бағытталған треннингтер өткізілді.

Соңғы жаңалықтар