Әл-фараби бойындағы автобәйге видеосы @ztb_kz в Инстаграм аккаунтында жарияланды.
Постқа өз жазбаларын қалдырған көпшілік жүргізушілердің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.
Қазір бұл деректі ІІД тексеріп жатыр.
«Адам өмірі мен денсаулығына кесірін тигізуі ықтимал жол ережесін бұзу дерегі орын алған. Әкімшілік полиция басқармасының басшылығымен қазір Алматыда тексеру басталды. Кінәлі адамдар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді С.Әзірбек.