Алматыда "Француз альянсы" деп аталатын қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Француз альянсы" деп аталатын қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өткізілді

Алматыда "Француз альянсы" деп аталатын қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өткізілді

Бүгін, 15-желтоқсанда Алматыда Қазақстандағы Франция елшілігінің бастамасымен, қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауы бойынша құрылған "Француз альянсы" деп аталатын қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өткізілді. Бұл туралы журналистерге баспасөз мәслихатында Франция парламенті сенатының депутаты Эмери Де Монтескью құлағдар етті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 639
Фото - Caravan.kz

Э.Де Монтескьюдің айтуынша, «Француз альянсы» қоғамдық бірлестігі дербес әрі коммерциялық емес қоғамдық ұйым болып табылады. Жеке жарғысы бар, заңдық құзыреттерге ие. Қазіргі жағдаймен Қазақстандық «Француз альянсы» қауымдастығына 30-дан астам мүше біріккен. Францияға қатысты білімін тереңдетуден немесе француз тілі білімін жетілдіруден мүдделі барлық Қазақстан азаматтары үшін қауымдастықтың есігі ашық. Қауымдастықтың шаралары жергілікті көздерден және Франция елшілігінің бюджетінен қаржыландырылады.

«Француз альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Лаура Нұрпейісованың айтуынша, қауымдастықтың басты мақсаты — француз тілін меңгерген адамдардың санын арттыруға түрткі болу, Алматы тұрғындарын Франциядағы білім беру және мәдени бағдарламалар туралы құлағдар етіп отыру, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық аясында семинарлар, пікірталастар мен бас қосулар ұйымдастыру болып табылады. Қауымдастықтың таяу болашақтағы жоспарларына келсек, Францияның мәдени қайраткерлерімен кездесулерді, бірлескен көрмелер, жобалардың тұсаукесерлері мен фильмдердің көрсетілімін жүйелі түрде ұйымдастыруды көздеп отыр.
Бұған қоса қауымдастық Қазақстанның зиялы қауым өкілдеріне Франциядағы соңғы жаңалықтар мен мәдени құбылыстардан ұдайы хабардар болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Францияда жарық көретін жаңа көркем әдебиет туындылары мен мерзімді басылымдарды сатып алу аясын кеңейтуді жоспарлаған.