Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
Конгресті ұйымдастырушылар — «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Лиссабон) және «Краснодар» (Ресей) футбол клубтарының өкілдері шара барысында қатысушыларды өздерінің футбол академияларының жұмыстарымен жан-жақты таныстырады. Сонымен қатар тәжірибелік мақсатта көрнекті жаттығулар өткізіледі.
«Конгреске кез-келген футбол маманы қатыса алады. Өтінімдер алдағы 1 ақпанға дейін қабылданады», делінген хабарламада.