Алматыда футболдан жетім балалар арасындағы республикалық чемпионат басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда футболдан жетім балалар арасындағы республикалық чемпионат басталды

Алматыда футболдан жетім балалар арасындағы республикалық чемпионат басталды

Бүгін Алматыда футболдан жетім балалар арасында «Арманыңа жақында» атты республикалық чемпионат басталды.

  • 14 Мамыр 2014
  • 406
Фото - Caravan.kz

Орталық стадионның қосымша алаңына жергілікті «Барыс» (облыстық балалар үйі, Алматы қ.) және «Алтын ұя» (№2 балалар үйі, Алматы қ.) командалары шықты. Бұл — іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны.

«Алдағы жұма күні қарымта кездесу өтеді. Осы екі ойында жеңіске жеткен команда Алматы қаласында 17-21 маусым аралығында өтетін финалдық ойындарға қатысады. Жалпы, бүгін іріктеу ойындары еліміздің он облысында басталды. Бірқатар облыстардың балалар үйлерінің он топ командалары бір топқа біріктірілді. Солардың жеңімпаздары Алматыға финалдық ойындарға келеді. Ал ақтық кездесуде жеңіске жеткен команда алдағы тамыз айының аяғында Италияның «Милан» клубына сапар шегеді. Бір апталық сапар барысында жеңімпаз команда клубтың мұражайын, шынығу-жаттығу базасын аралайды, «Милан» командасының «А» сериясындағы ойынын тамашалайды. Ең бастысы, ойын алдында миландық футболшылар қазақстандық балалармен кездесіп, сый-сыяпаттарын ұсынады» — деді өз сөзінде «Бауыржан» қайырымдылық қорының жобалар бойынша менеджері, «Арманыңа жақында» турнирінің бас үйлестірушісі Сәуле Құлтаева.


Сонымен қатар ол өткен жылғы жеңімпаз команда — Ақмола облысының Есіл қаласындағы «Есіл» балалар үйі тәрбиеленушілерінің испаниялық «Барселона» клубында болып қайтқанын, балалардың «Барселона» ойыншыларымен кездесіп, олардың ойындарына аса тәнті болғандарын жеткізді.

Бір айта кететін жайт, ұшу билеттерін барселоналықтар өздері көтерген. Ал қалған шығандардың барлығын отандық демеушілер өз мойындарына алған.

Естеріңізге сала кетейік, «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған бұл турнир осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Өткен жылғы ойындар 11-16 жас аралығындағы балалар арасында ұйымдастырылған. Ал биыл жасыл алаңда 11-14 жас аралығындағы балалар өнер көрсетуде. Оған себеп, спорт мектептері және «Қайрат» клубының мектеп-интернатына дарынды балалар осы жас аралығында қабылданады екен. Демек, турнирде өзінің дарындылғын танытқан балаларды аталмыш қор сол мектептерге орналастырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера