Газ құбырындағы апат 29-қараша күні Медеу ауданының Горный гигант ауылында болған. Апат зардабын жоюға «АГС-сервис» ЖШС-нің 25 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Құбырды қалпына келтіру жұмыстары 1-желтоқсанда аяқталады.
Алматыда экскаваторды сүйреп бара жатқан "КрАЗ" автокөлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ құбырын соғып кетті. Соның салдарынан 678 үй көгілдір отынсыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.