Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды

Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 қарашада сағат 17.50-де Алматының Әуезов ауданы Асқаров көшесінде «Алматы» шипажайының маңында «Ново» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі диаметрі 159 миллиметрлік орта қысымды газ құбырын соқты. Соның салдарынан 12 шкафты тарату бөлімі үзілді. Жер үйлер секторындағы 114 абонент газдан қағылды.

Жөндеу жұмыстарын «Алматы газ желісі» ЖШС-нің 10 адамы мен 4 техникасынан құралған апаттық топ жүргізуде.

Сонымен бірге, 4 қарашада сағат 02.20-да Астананың Сарыарқа ауданындағы Бейбітшілік және Жангелдин көшелерінің қиылысында диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан Бейбітшілік көшесіндегі үш, Жангелдин көшесіндегі үш, Әуэзов көшесіндегі төрт, Пушкин көшесіндегі екі, Желтоқсан көшесіндегі бір үй сусыз қалды.

Сағат 17.40-та жөндеу жұмыстары аяқталып, су жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар