Алматыда газ жарылысына кінәлілер ақыры сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда газ жарылысына кінәлілер ақыры сотталды

Алматыда газ жарылысына кінәлілер ақыры сотталды

Алматыда үш бірдей адамның өліміне кінәлі газ компаниясының жұмысшылары ақыры түрмеге қамалатын болды. Айта кетсек, газ жарылысы салдарынан бір үйдің келіні, немересі және кенже ұлы өртеніп өлген болатын. Осы оқиға бойынша бір жылдан аса тергеліп, жарты жылдан астам уақыт созылған іске қатысты бүгін сот үкімі шықты. Сөйтіп, көгілдір отын жеткізуші компанияның бес бірдей жұмысшысы 3 жылдан 3 жарым жылға дейін арқалады. Олар жазасын қоныс колониясында өтейтін болды.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бір әулеттегі үш бірдей адамның өмірін қиған апат осыдан екі жыл бұрын болған еді. Тартылып бітпеген құбырға газ жіберілуі салдарынан жарылыс болып, бір келіншек пен екі бала қаза тапқан. Оның бірі осы әулеттің немересі болса, бірі – кенже ұлы. Алайда апатқа кінәлі адамдарды жазаға тарттыру оңайға соққан жоқ. Араға екі жыл салып, бүгін ғана сот үкімі шықты. 

Мұрат Шолпанқұлов, судья:

Сот Кречитов Денис Николаевичті ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабы, 2-тармағы бойынша айыпты деп танып, 3 жыл 6 ай көлемінде жаза кесіп, жазасын қоныс колониясында өтеу туралы үкім шығарды.

Кречитовтан басқа тағы үш адам: Александр Ческов, Тимур Тұрдақынов, Қарлын Тұрсұновтар да осынша мерзімде абақтыға қамалатын болды. Тағы бір айыпты Ольга Пелечова үш жылға сотталды. Ал үкімге көңілі толмаған жәбірленушілер сот залынан айғай-шумен әзер шықты.

Жанар Шағыраева, жәбірленуші:

— Менің балаларымды тірідей өртеп жіберген адамдарға 3-ақ жыл. Ол жарты жыл отырды. Енді екі жарым жыл отырады да шығып кетед. И то свободно жүреді дейді, жұмыс істеп. Мен бұған қарсымын. Аппеляцияға берем. Мен әлі талай жерге барам, жоғарыға барам.

Сотталған бес жұмысшы енді компания басшылығымен қосылып жапа шеккен отбасыға моральдық-материалдық шығын ретінде 30 миллион теңге төлеуі тиіс. Жалпы, кезінде жәбірленушілер жұмысшылармен бірге компания басшыларын да жазаға тартуды талап етіп, наразылық білдірген еді. Бірақ олардың бұл әрекетінен ештеңе шықпады.

Соңғы жаңалықтар