Баспасөз орталығының ақпатарына сәйкес, оқиға салдарынан 1991-ші және 1998-ші жылы туған екі қыз бала зардап шекті. Олар №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Алайда, оқиғадан 40 минуттан кейін қыздардың бірі аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды, ал екіншісі ауыр халде ауруханада жатыр. Қыздар Алматы облысы Қарасай ауданы Ақшар ауылында тұратын көрінеді.