Алматыда Германияның Қазақстандағы жылы аясында оркестрлік музыка өкілдерінің концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Германияның Қазақстандағы жылы аясында оркестрлік музыка өкілдерінің концерті өтеді

Алматыда Германияның Қазақстандағы жылы аясында оркестрлік музыка өкілдерінің концерті өтеді

Алматыда Германияның Қазақстандағы жылы аясында маусым айының 12-сі күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының концерт залында Германияның Андромеда Мега Экспресс деп аталатын оркестрдің концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Маусым 2010
  • 757
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында концерттің ұйымдастырушылары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оркестр әр түрлі елдердің, атап айтқанда Германия, Франция, Швейцария, Канада, Норвегия, Жапония, Тайланд, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінің өкілдерінен — 20 адамдық ұжымнан тұратын. Оның жетекшісі 25 жастағы берлиндік композитор Даниэль Глатцеля. Музыканттардың айтуынша, концертте сегіз шығарма орындалмақ, олардың авторларын қонақтар құпия сақтап, сіздерге тосын сыйымыз болсын деді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оркестрлік музыка өкілдерінің өзіндік музыкалары еліміздің музыканттарына жаңа шығармашылық шабыт пен күш бермек.
Алматыдағы ГФР-ның Бас консулы Герольд Амелунгтың пікірінше, мұндай жобалар ынтымақтастығымызды нығайтып қана қоймай, екі ел арасындағы қарым-қатынасымыздың маңыздылығын көрсетеді.
Ал, Қазақстандағы Гете институтының директоры Барбара Френкель-Тонеттің айтуынша, бұл концерт- Германияның Қазақстандағы жылы аясында ең ірі шара болмақ.
Бас консул Герольд Амелунгтың айтуынша, Германияның Қазақстандағы жылы аясында жылдың басынан бері 40-тан аса шаралар өткен. «Жарты жылдың ішінде Алматы мен Астана және тағы да басқа қалаларда мәдени шаралармен қатар, ғылыми-конференциялар, әр түрлі экономикалық форумдар өтті. Бұл шаралар барлық саладағы ынтымақтастықты көрсетуге бағытталған. Бағдарлама аясында жылдың соңына дейін 100-ден астам шара өткізуді жоспарлап отырмыз», деді ол.