Алматыда ғарыштық іс-қызметті дамытуға арналған конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ғарыштық іс-қызметті дамытуға арналған конференция өтеді

Алматыда ғарыштық іс-қызметті дамытуға арналған конференция өтеді

17-18-маусымда Алматыда "Қазақстан Республикасындағы ғарыш саласындағы ғылыми және инновациялық іс-қызметтердің келешегі мен қазіргі ахуалы" тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2005
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл бас қосуды ҚР білім және ғылым министрлігі, Аэроғарыштық комитет, «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы мен ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы бірлесе ұйымдастырады.

Форумға министрліктер мен мекемелер, даму институттары, ғарыш саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады.
Конференция бағдарламасына 2005-2007-жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы барлық мақсат-міндеттерді қамтитын 60-тай баяндама тыңдалады.
Бас қосуға қатысушылар ғарыштық қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың өзектілігіне мемлекеттік, ғылыми-техникалық және қоғамдық топтардың назарын аударуды көздеп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бағдарлама ғарыштық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған 8 блоктан тұрады. Соның ішінде «Ғарыштық аппараттарды басқару және ұшыру мүмкіндіктері», «Ғарыштық аппараттар» және «Ғарыш аппараттарын ұшыру және басқаруға арналған жер үстіндегі инфрақұрылымды дамыту» тб. Оларды жүзеге асыру Қазақстанға түрлі мақсаттағы жер серіктерінің құрамдас бөліктері мен аппаратураларын өндіруге тікелей атсалысуға, ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің жер бетіндегі ғарыштық инфрақұрылымын қалыптастыруға, Қазақстанның тұңғыш «ҚазСат» ғарыштық аппаратын жасау және оны ұшырауға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта