Алматыда ғылым саласындағы 2003-жылғы атаулы сыйлықтарды табыс ету рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ғылым саласындағы 2003-жылғы атаулы сыйлықтарды табыс ету рәсімі өтті

Алматыда ғылым саласындағы 2003-жылғы атаулы сыйлықтарды табыс ету рәсімі өтті

Бүгін, 30-желтоқсанда Алматыда ғылым саласындағы 2003-жылғы атаулы сыйлықтарды табыс ету рәсімі болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 598
Фото - Caravan.kz

Мәселен, жаратылыстану ғылымдары саласындағы таңдаулы ғылыми еңбектер үшін берілетін Сәтпаев атындағы сыйлыққа ҚР Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті Надир Надиров «Жоғары жабысқақ мұнайлар және табиғи битумдар» атты монографиясы үшін, сондай-ақ, екі бірдей авторлар ұжымы ие болды.

Ал гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбектері үшін еліміздің екі ғалымы Шохан Уәлиханов атындағы сыйлыққа лайық деп танылды. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдар саласындағы таңдаулы ғылыми еңбегі үшін Әуезов атындағы сыйлықпен, жаратылыстану ғылымдары саласындағы таңдаулы ғылыми еңбектері үшін Қонаев атындағы сыйлықпен жас ғалымдар марапатталды.
Жалпы алғанда еліміздегі ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан 18 ғалым сыйлыққа ие болды.
Ғылым саласындағы 2003-жылғы атаулы сыйлықтарды табыс етуге үстіміздегі жылдың қазан айында байқау жарияланған болатын. Байқауға келтірілген ғылыми еңбектердің ғылыми және қолданбалы маңызына ҚР үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның секциялары баға берді. Байқауға барлығы 31 ғылыми жұмыс келтірілсе, олардың арасынан ғылыми мақсатты айқындау және оны шешуде бірегейлігімен ерекшеленген 11 жұмыс жеңімпаз деп танылды.

Соңғы жаңалықтар