Алматыда гидрометеорология мамандарын дайындау мәселесіне арналған дөңгелек үстел жиыны өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда гидрометеорология мамандарын дайындау мәселесіне арналған дөңгелек үстел жиыны өтуде

Алматыда гидрометеорология мамандарын дайындау мәселесіне арналған дөңгелек үстел жиыны өтуде

үгін Алматыда «Гидрометеорология мамандарын заманға сай дайындау бағыттары» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр. Оны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География факультеті ұйымдастырып отыр.

  • 2 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл шараға «Казгидромет» РМК өкілдері, метеорология және құрлық гидрологиясы кафедраларының оқытушылары және магистранттар қатысуда. Қазіргі таңда ҚазҰУ Қазақстандағы метеорологтар мен гидрологтарды дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болып отыр. Ондағы бітіруші мамандарға тапсырыс беруші негізінен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты «Казгидромет» кәсіпорыны болып табылады. Сонымен қатар метеорологтар мен гидрологтар «Қазаэросервис» АҚ-ы, ҚазЭКҒЗИ, космостық зерттеу институты және тағы басқа да мекемелерге қызметке тұра алады.

«Бұл дөңгелек үстелдің басты мақсаты — метеорология және гидрология саласының жоғарғы білікті мамандарын дайындаудың келешегін айқындау. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, метеоролог-гидролог мамандарды дайындаудың сапасын арттыруға арналған бұл шара оқытушыларға тапсырыс берушінің қазіргі кездегі алға қойған мақсаттары мен міндеттерін дұрыс түсінуге көмегін тигізеді. Жалпы мұндай кездесулер қарым-қатынастарды одан ары тереңдетуге және ғылыми бағыттардағы жұмыстарға түзету енгізуге мүмкіндік береді», — дейді География факультетінің деканы Виталия Сальников.

Соңғы жаңалықтар