Алматыда гимназияның 25 оқушысы болжам бойынша бутан газынан уланып ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда гимназияның 25 оқушысы болжам бойынша бутан газынан  уланып  ауруханаға жеткізілді

Алматыда гимназияның 25 оқушысы болжам бойынша бутан газынан уланып ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда бутан газымен уланған деген болжаммен № 161 гимназияның 25 оқушысы мен бір қызметкері ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық құтқару қызметінен.

  • 13 Ақпан 2007
  • 468
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылардың ақпараттарына сүйенсек, бүгін 9 сағат 35 минутта «Медициналық жедел жәрдем» пультіне № 161 гимназиясының оқушылары белгісіз газбен уланғаны туралы хабар келіп түскен. Қоңырау шалушының айтуынша, оқушылардың біреуі оқу кабинеті мен гимназия дәлізіне газ шашқан.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен құтқару қызметінің қызметкерлері келіп жеткен. Оқу ғимаратынан 330 адам шығарылды.

Мамандар арнайы құрылғы — газды хроматографтың көмегімен мектептің асхана ғимаратында бутан газының мөлшері шекті-мүмкін концентрациядан 30 пайыз артық екендігін анықтаған. Бірінші және екінші қабаттардағы сынып кабинеттерінде ғимараттың табиғи желденуіне байланысты улы заттар табылған жоқ.

Құтқару қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 13 пен 16 жас аралығындағы 25 бала мен бір ересек адам тексерілу үшін қала ауруханаларына жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті