Сот отырысына бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылмады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.
Г.Павлюк 2009 жылы желтоқсан айында Алматыда өлтірілген болатын. Қандықол қарақшылар оның аяқ-қолын байлап, көп қабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген Г.Павлюк бірнеше күннен кейін көз жұмды.
Былтыр қырғыз журналисінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам қолға түскен.