Онда жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен 55, 60, 66, 74, 84, 96 келідегі құрлық чемпионы мен жүлдегерлерінің есімдері анықталады. Келесі күні 50, 120 келідегі және әйелдер күресінен 44, 51, 59, 67 келідегі, 2 маусымда әйелдер күресінен 48, 55, 63, 72 және еркін күрестен 20, 120, ал жарыстың соңғы күні 55, 60, 66, 74, 84, 96 келі салмақтардағы еркін күрес шеберлерінің ақтық белдесуілері өтеді.
Аға бапкер Нұрым Дүйсеновтың жетекшілігімен онда ел намысын грек-рим күресінен Асқар Салтебаев (50 кг), Дастан Үскенбаев (55 кг), Данияр Қаленов (60 кг), Жәнібек Қандыбаев (66 кг), Азамат Құстыбаев (74 кг), Тимур Ташмағамбетов (84 кг), Михаил Изотов (96 кг), Еркін Шәйкенов (120 кг) қорғайды. Әйелдер күресінен аға бапкер Болат Нұрмағамбетов бұл міндетті Айдана Өтеғұлова (44 кг), Кристина Яловенко (48 кг), Аймангүл Төлеухан (51 кг), Юлия Одиненко (55 кг), Аяулым Қасымова (59 кг), Екатерина Ларионова (63 кг), Гүлмарал Еркебаева (67 кг) мен Эльмира Сыздықоваға (72 кг) сеніп тапсырып отыр. Ал еркін күрестен аға бапкер Манарбек Қыстаубаев бұл Владимир Кудрин (50 кг), Азамат Шағапұлы (55 кг), Мейіржан Аширов (60 кг), Болат Сакаев (66 кг), Әбубәкір Торғаев (74 кг), Ералы Әбдірашев (84 кг), Іңкәр Ермұхамед (96 кг) пен Олег Болтинге (120 кг) үміт артуда.