Алматыда ІІД алдында аспанға оқ атқан бұзақылар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ІІД алдында аспанға оқ атқан бұзақылар қолға түсті

Алматыда ІІД алдында аспанға оқ атқан бұзақылар қолға түсті

Бейсенбіге қараған түні Алматыдағы Ішкі істер департаменті ғимараты алдында травматикалық қарудан аспанға оқ атқан төрт азамат ұсталды.

  • 1 Қараша 2012
  • 323
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде Масанчи көшесімен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан «Шевроле» көлігіндегі белгісіз біреулер бірнеше оқ атқан.

«ІІД ғимараты маңында кезекте жүрген «Боран» патруль жасағы осы оқиғаың куәгері болыпты. (…) Көлік Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Автокөлік салонында жүргізушіден басқа ішімдік буына масайған тағы үш еркек бар екен. Олардан екі бірдей «МР80-13Т» травматикалық тапаншасы тәркіленді», — делінген хабарламада.
Ұсталғандар бұрын сотталмаған және ешқацда жұмыс істемейтін болып шықты.
Жұрттың тынышын алған бұзақылар ақталып бағуда. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар