Алматыда ІІI iProf кәсіби интернет конференциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ІІI iProf кәсіби интернет конференциясы өтеді

Алматыда ІІI iProf кәсіби интернет конференциясы өтеді

Алматыда 28-29 қараша күндері ІІI «iProf 2013» кәсіби интернет конференциясы болады. Оны АWARD.kz ұлттық интернет-сыйлығы аясында «KazNetEvent» ЖШС ұйымдастырып отыр. Онда заманауи интеренет индустрияның өзекті тақырыптары қаралмақ.

  • 19 Қараша 2013
  • 285
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, электронды коммерцияның жобаны жасаудан басқару жүйесіне дейінгі логистика, төлем сервистері, компаниялардың маркетингі мен стратегиясы, жарнама, PR, GR, сауда және талдаулары мен SEO, SММ, SMO және тағы басқа да мәселелері жан-жақты талқыланбақ. Конференция кезінде АWARD.kz ұлттық интернет-сыйлығының иегерлерінің есімдері жарияланып, оларды марапаттау рәсімі өтетін болады.