Алматыда ИКҰ-ның жұмысы туралы монография таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ИКҰ-ның жұмысы туралы монография таныстырылды

Алматыда ИКҰ-ның жұмысы туралы монография таныстырылды

Бүгін Алматыда Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында «Қазақстан және Ислам конференциясы ұйымы» ұжымдық монографиясының таныстырылымы өтті.

  • 23 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Институттың ғылыми хатшысы, доцент Л.Қаратаеваның айтуынша, монография Ислам конференциясы ұйымының жұмысына, сондай-ақ Қазақстанның аталмыш ұйыммен арадағы қарым-қатынасына арналып отыр. Кітапта заманауи ислам әлемі мен мұсылман мемлекеттерін үйлестіруші орталық ретіндегі Ислам конференциясы ұйымының проблемалары, аймақтық және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы зерттелген.

Басылым саясаттанушыларға, халықаралық қатынаспен айналысатын мамандарға, мемлекеттік қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ осы мәселемен айналысатын басқа да оқырмандарға арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар