Алматыда "Іле-Балхаш 2003" халықаралық регатасының қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Іле-Балхаш 2003" халықаралық регатасының қорытындысы шығарылды

Алматыда "Іле-Балхаш 2003" халықаралық регатасының қорытындысы шығарылды

Бүгін, 23-маусымда Алматыда "Іле-Балхаш 2003" халықаралық регатасының қорытындысы шығарылды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2003
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтың айтуынша, «Іле-Балхаш 2003» халықаралық регатасына қатысушылар 845 шақырымдық бүкіл жол бойынан бірнеше тонна қоқыс жинаған. Алайда, М.Елеусізовтың айтуынша, «регатаның басты көздегені бәрібір спорттық жетістік болды». Аква-раллиге қатысушыларға регата өткізудің 7 бағыты ұсынылыпты. Әрбір бағыт 2-7 күнге созылған. Регата аясында 8 шақырымдық спринт, 40 шақырымдық марафон, джип және тау велосипедінен экстремалды жарыстар мен барлық шағын кеме түрлерінің бәйгесі ұйымдастырылған.

Регатаны өткізуге Алматы олыстық әкімшілігі 1 млн. 200 мың теңге бөліпті. Бұл қаржы регатаға қатысушыларға медициналық қызмет көрсету, өрт сөндіруші және медициналық көліктерді жанармаймен қамтамасыз ету мақсаттарына жұмсалған.
«Эйр Қазақстан» әуе компаниясының инженері, жарысқа қатысушы Анатолий Душкиннің айтуынша, регатаға қатысушылар арасында қандай да бір жарақат алғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Жалпысы, «Іле-Балхаш 2003» халықаралық регатасына 580 адамнан құралған 56 құрама қатысты.
Регатаны ұйымдастырушылардың айтуынша, төртінші «Іле-Балхаш» халықаралық регатасы 2004-жылдың мамырында мәреден шығады.

Соңғы жаңалықтар