Алматыда информатикадан Халықаралық олимпиаданың екінші айналымы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда информатикадан Халықаралық олимпиаданың екінші айналымы басталды

Алматыда информатикадан Халықаралық олимпиаданың екінші айналымы басталды

Алматы қаласында мектеп оқушыларының информатикадан XXVII Халықаралық олимпиаданың (IOI-2015) екінші айналымы басталды.

  • 30 Шiлде 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр. Түстен кейін қатысушылар мен олардың жетекшілерінің қорытындыларды талқылау мүмкіндігі туады.

Оқушылар екінші айналымнан өткен кезде олимпиаданың қонақтары Қазақ этноауылына экскурсия жасайды. Олар қазақ ұлттық мәдениеті, дәстүрлері және салттарымен таныстырылады.

Естеріңізге сала кетейік, информатикадан Халықаралық олимпиадаға әлемнің 83 елінен 630-дан астам делегат жиналды. Оған 324 оқушы, соның ішінде 11 бойжеткен қатысып отыр.

Шараның жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәмісі 1 тамыз күні Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді. 


23

Соңғы жаңалықтар