Алматыда интернет-саланың даму мәселелері талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда интернет-саланың даму мәселелері талқылануда

Алматыда интернет-саланың даму мәселелері талқылануда

Алматыда «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2011» форумы өтіп жатыр.

  • 24 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға 130-дан аса қатысушылар — ҮЕҰ-лар, академиялық орта, бизнес, депутаттар, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда. Форумның баяндамашылары арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның ұлттық сарапшылары, Литва, Украина, Ресейдің халықаралық сарапшылары бар.

Аталмыш шара MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Қазақстанның Медиа Альянсы Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан қорының, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және Еуропа Одағының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Форум — Интернет VS құқық; Интернет VS этика; Интернет VS медиа; Интернет VS мемлекет бағыттары бойынша өтуде.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы Дінмұхамед Зиядиннің айтуынша, екінші InternetCA-2011 форумы өткен жылы Алматыда болған бірінші форумның жалғасы болып табылады. ««Интернет» мәселесі халықтың желіге қол жеткізуінің артуына байланысты аймақта өзекті мәселеге айналуда. Шараны өткізудегі мақсатымыздың да бірден-бірі осы. Біздің пікірімізше, Форум аймақтағы Интернет дамуының негізгі проблемалары бойынша пікір алмасу мен бұл проблемаларды шешудің мүмкін болатын жолдарын табуға, Орталық Азия интернет-қауымдастығы белсенділерінің ықпалдастығына себепкер бола алады»,-дейді ол.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда Интернет қолданушылар саны 5 миллион адамнан асқан, бұл жалпы халық санының 34%-ын құрайды. KZ домендік аймағында бүгінгі күні 58 мыңнан астам домен аттары тіркелген, жыл сайынғы өсім 20-25% көрсеткішке ие. Қазконтенттің бағалауы бойынша, 2010 жылы 17 мыңнан астам домен аттары тіркелген, пайдаланушылардың 47% Интернетті өз қызметінде күнделікті қолданады.

Журналистер мен тұтынушылардың басым бөлігі қажетті ақпаратты кәсіпқойлар үшін де, қарапайым халық үшін де негізгі ақпарат көзіне айналып отырған Интернеттен алады. Сонымен қатар, интернет-саланы бағалау жөніндегі шаралардың бірінде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Интернет Қазақстанда «енді ғана дамып келе жатқан сала» екендігін атап өткен болатын. Осындай жағдайдың басты себептері ретінде Үкімет басшысы республикадағы Интернеттің төмен жылдамдығын, соған қоса отандық контенттің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін айтқан еді.

Форум аясында веб-кеңістікте пікір білдіру бостандығы, Интернет желісінің елдік сегменттерін реттеудің құқықтық аспектілері, ұлттық контентті дамыту, Орталық Азиядағы интернет-журналистиканың негізгі трендтері мен жалпы ағымдар, ұлттық тілдердегі Интернеттің елдік сегментін дамыту, желідегі этика және тағы басқа мәселелерге байланысты сессиялар ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар