Алматыда Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары талқылануда

Алматыда Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары талқылануда

Алматыда «ҚазЖол» қонақ үйінде «Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел- тренингі өтіп жатыр.

  • 28 Маусым 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы, «MediaLab» медиа коммуникация орталығы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан дөңгелек үстел жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, танымал Интернет-ресурстардың өкілдері және мемлекеттік орган өкілдері қатысуда.

Дөңгелек үстел барысында қазақтілді сайттарды, ондағы контентті дамыту жолдары талқылануда. Түске дейін өткен жиында қазақтілді сайттардағы контентке жалпы шолу жасалынып, оны дамыту жолдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау мәселесі айтылды. Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде «Сайт иелері үшін контентті дамытуға қатысты кеңестер», «Қазақша Википедианы дамыту жолдарына қатысты дәрістер» тақырыбында тренинг өткізіледі.

Бас қосудың ашылуында АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Майкл Сноуден: «Қазақстан халқының ХХІ ғасырдың техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асыруға болатын орасан зор әлеуеті бар екеніне сенімдімін. Әлемнің кез келген елі, кез келген ұлты сияқты олардың да интернетті өз тілінде сөйлетуге және жаңа технологияның әлеуетін әлеуметтік желілерде және блогтарда жеке көзқарасын білдіруден бастап ақпарат алмасуға қажетті платформа әзірлеуге дейінгі түрлі мақсаттарына пайдалануға толық қақысы бар. Бұл орайда, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен «Мінбер» журналистерді қолдау қорының көзқарасы бір жерде тоғысып отырғанына қуаныштымын»,-деді.

Сонымен қатар ол,: «Бұл игі шаралар Қазақстан президентінің «үш тұғырлы тіл» бағдарламасының аясында мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру саясатымен сәйкес келеді деп ойлаймын. Сондықтан бұл дөңгелек үстел қазақ тілінің деңгейін көтеруге де, Қазақстанда жаңа технологияны дамытуға да өз үлесін қосады деп сенемін»,-деп атап өтті.

Майкл Сноуденнің пікірінше, біз де «ғаламдық қауымдастық» деген ұғымның аясын кеңейтетін әлемді қалыптастыруға қарай ұмтылуымыз керек.

Соңғы жаңалықтар