Алматыда инженерлік желілерді жөндеген соң асфальтты сапасыз жөндеген мердігерлер лицензиясынан айрылуы мүмкін
Алматыда инженерлік желілерді жөндеген соң асфальтбетонмен жабу жұмыстарын сапасыз жүргізген мердігерлер лицензиясынан айрылуы мүмкін, деп қала әкімінің бастық орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті. |
«Қазіргі уақытта Алматы әкімшілігі инженерлік желілерді апаттық, не түбегейлі жөндеуден өткізген соң асфальтбетонмен жабу жұмыстары сапалы жүргізілмеген көшелердің тізімін анықтап, оларды инженерлік желілерді жөндеу бағдарламасының операторларына тапсырды», - деді ол бейсенбі күні Ауыртпалық орталығы (Центр тяжести) форумындағы он-лайн конференциясында.
«Одан кейін әкімшілер аталған жұмыстарды орындаған мердігерлік мекемелерге қатысты әкімшілік шаралар қабылдау мәселесін қарастырып, олардан осындай жұмыстарға деген лицензиясын кері қайтарып алуға дейін шара қолдана алады», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін