Алматыда Иран мәдениеті күні өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Иран мәдениеті күні өтті

Алматыда Иран мәдениеті күні өтті

Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Иранның ұлттық өнер және дәстүрлі музыка күні аясында Иран мәдениеті күні болып өтті. Бұл туралы бүгін аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 10 Ақпан 2016
  • 577
Фото - Caravan.kz

Шараға Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас Консулы Амир Реза Дарабиан, Иран Мәдени өкілдігінің Алматы қаласындағы жауапты басшысы Маджид Камрани, ирандық профессорлар және Қыздар университетінің басшылығы мен оқытушылары қатысты.

Дәстүрге айналған іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — университетте парсы тілін меңгеріп жатқан студенттерді тарихы тамырлас Иран елінің мәдениетімен жақынырақ таныстыру.

Иран Мәдениеті күнінің ашылу салтанатында Амир Реза Дарабиан мырза Қыздар университетінің студенттеріне Иранда білім алуға екі тегін оқу грантын ұсынатындыған айтып, Құран Кәрімнің киелі дұғасы жазылған картинаны сыйға тартты. Өз кезегінде Қыздар университетінің бірінші проректоры Баходир Әлиев жастарға тағылымды лебіздер айтып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығайып жатқандығына ризашылығын білдірді. 

Мәдени іс-шара барысында Ираннан келген «Жвана» халық аспаптар тобының шағын музыкалық концерті өтті. Онда Қыздар университетінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер парсы тілінде бірқатар әндерді ансамбльмен бірге шырқады.

Екі мемлекет арасындағы достық, құрмет, парасат пен ынтымақтастықтың айғағына айналған шара аясында Иран Ислам Республикасының ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі де болып өтті.


Айта кетейік, Қыздар университеті Иран Ислам республикасымен 2003 жылдан бері байланыс орнатқан. Сол жылдардан бері оқу орнында парсы тілі оқытылып келеді. Иран елшілігінің қолдауымен мұнда 2012 жылы парсы тілі орталығы да ашалған. Қазіргі таңда Қыздар университетінде парсы тілін меңгеріп жатқан студенттер саны 30-дан 100-ге жетті. 
nullnull

Перейти к новостям спорта