Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұрлаған

Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұрлаған

Әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 1 Ақпан 2018
  • 280
Фото - Caravan.kz

Алматыда тамақ өнеркәсібімен айналысатын ірі компания есепшісі сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz InAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша әйел 300 миллион теңгеден астам соманы ұрлаған.

Бірінші ұрлықты 2015 жылы жасаған. Ол кезде әйел 166 миллион 303 мың теңгені қолды еткен.

"Сотталушы 2015 жылға арналған мемлекеттік бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын 91 094 472 теңгеден 257 397 508 теңгеге дейін арттырған", — делінген хабарламада.

2016 жылы айыпталушы бюджетке төленетін қаржының 166 036 908 теңгесін өзінің картасына аударып алған.


Сот отырысында есепші өз кінәсін мойындап, ақшаны анасының емі үшін ұрлағанын айтты.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Сондай-ақ, 6 жыл бойы есеп-қисап саласында жұмыс істеуіне шектеу қойды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар