Алматыда ірі покер клубының жолы кесілді: ойын залында ұсталған 131 ойыншының 20-сы Қазақстан аумағында заңсыз жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі покер клубының жолы кесілді: ойын залында ұсталған 131 ойыншының 20-сы Қазақстан аумағында заңсыз жүр

Алматыда ірі покер клубының жолы кесілді: ойын залында ұсталған 131 ойыншының 20-сы Қазақстан аумағында заңсыз жүр

Кеше кешкісін ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті Ұйымдасқан қылмыстың шоғырланумен күрес жөніндегі Оңтүстік өңірлік басқармасының және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасымен бірлесіп,

  • 3 Қараша 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жапсарлас салынған ғимараттың төртінші қабатынан «Астория» деп аталатын заңсыз покер клубының жолын кесті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ойын залын тексеру барысында онда 29 клуб қызметкері, 131 ойыншы, оның ішінде 20 шетел азаматы болған. Шетелдік азаматтардың бірқатары еліміздің көші-қон заңын өрескел бұзып республика аумағында жүрген. 22 покер үстелі, 21 ойын автоматы, 2 электронды рулетка мен 3 бейнетіркеуші табылған. Кассадан 4,5 млн. теңге, шамамен 14 мың АҚШ доллары, 15 мың ресей рублі, 10,5 мың ойын фишкалар, сондай-ақ мекеменің кіріс және шығыс жазбалары алынған.

Заңсыз ойын залының иесі 45 жастағы Өзбекстан азматы болып шыққан. Ол да Қазақстан аумағында еліміздің көші-қон заңын бұзып жүрген. Қазіргі уақытта одан әрі жедел тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар