Алматыда ірі жол апатынан 9 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі жол апатынан 9 адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апатынан 9 адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Талғар жақта "Халық Арена" спорт кешенінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes Талғар бойымен шығыс бағытта келе жатқанда белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен келе жатқан Lada Largus жүргізушісімен соғысқан. Алған соққыдан Mercedes Mazda көлігіне қарай ұшып кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде жол апатынан барлық үш жүргізуші, сондай-ақ, Lada Largus көлігіндегі төрт жолаушы мен Mercedes көлігіндегі екі жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар