«Тәуелсіздіктің 20 жылдығының қорытындысын шығара отырып, Қазақстан, сөзсіз ерен жетістіктерге қол жеткізді деп айта аламыз. Әсіресе, ол біздің көршілерімізбен салыстырғанда анық көрінеді», — деді Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, сейсенбі күні конференцияда сөйлеген сөзінде.
Шара барысында ішкі саяси тұрақтылық, қазақстандық қоғамды әлеуметтік және саяси модернизациялау, еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы талқылануда.
«Біздің ғалымдарға қазір тек еліміздің ішкі жағдайына үңілмей, сонымен қатар өткен жылдары модернизациялаудан өткен басқа елдердің тарихи тәжірибесіне қарау да маңызды. Сол кезде ол Қазақстанға қолдануға болатын гипотезаларды береді», — деді С. Сейдуманов.
Беделді қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстанның ХХІ-ші ғасырда даму сценарийін, экономиканы құрылымдық модернизациялауды, проблемалар мен даму перспективасын ұсынады.
Кездесуде атап өткендей, жыл сайынғы Алматы конференциясы өңірде мойындалған беделді сараптамалық алаң ғана емес, сонымен қатар ғазақстандық ғылыми мектептің ең озық ғылыми-зерттеу дәстүрінің жалғасы болып табылады. Оның ұйымдастырушысы қалалық әкімшілік.