Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің отырысы аясында "Шаңырақ-2003" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің отырысы аясында "Шаңырақ-2003" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің отырысы аясында "Шаңырақ-2003" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін, 2-қыркүйекте Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің отырысы аясында "Шаңырақ-2003" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 595
Фото - Caravan.kz

Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков еліміздің үкімет басшысы Даниал Ахметовтың көрмеге қатысушыларға арнаған жолауын оқып берді. Өз жолдауында ҚР үкімет басшысы көрмеге қатысушыларға «табыс пен гүлдену , өзара тиімді байланыстар орнатуды» тілеген көрінеді.

Өз кезегінде Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али көрмеге өз елінен 24 компанияның өнімдері мен өкілдерін әкелген Палестиндік делегацияны ерекше атап өтті.
«Шаңырақ-2003» көрмесіне туризм, түсті металлургия, машина жасау, энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, аспап жасау, құрылыс және сәулет өнері, металл өңдеу салалары, сондай-ақ, қалалар мен үйге арналған қызмет және тауар түрлері қойылған.
«Шаңырақ-2003» көрмесі аясында «Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі» және «Халықаралық бөлім» деген екі тақырыптық бөлім жұмыс істеуде. Көрменің халықаралық бөліміне Ислам Даму банкіне мүше елдердің компаниялары өз өнімдерін қойған. Бұл көрмеге Палестина, Африка құрлығындағы Буркина-Фасо және Иордания елдерінің компаниялары тұңғыш рет атсалысып отыр.
Ал көрме аясындағы «Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі» атты бөлімге ұлттық компаниялар, банктер, еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан экспозициялар қойылған. «Шаңырақ-2003» халықаралық көрмесіне «ҚазақМұнайГаз», «Азық-түлік корпорациясы», «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Қазақстан темір жолы», «Теңізшевройл», «Испат-Кармет», «Қазақстан алюминийі» тәрізді компаниялар атсалысуда.
Қыркүйектің 2-5 күндері өтетін көрме шеңберінде Қазақстан халықтары Ассамблеясына қамтылатын ұлттық диаспоралар өкілдерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мәдени бағдарламалар өткізіп, тақырыптық семинарлар өткізу межеленген.

Соңғы жаңалықтар