Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысының ашылу салтанаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысының ашылу салтанаты өтті

Алматыда Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысының ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 2-қыркүйекте Алматы қалалық әкімшілігінің жиналыс залында Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысының ашылу салтанаты өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 488
Фото - Caravan.kz

Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналып отыр. Жиналыс 3-қыркүйекте аяқталады.

Отырысқа Араб мемлекеттері Даму Қорларының өкілдері (Сауд Арабиясы, Кувейт, Аду-Даби т.б.) , ОПЕК қорының, ислам банктерінің, Ислам елдері кеңесшілері мен мердігерлері федерациясының, ислам елдерінің маңдай алды кәсіпкерлік өкілдері қатысуда.
Қазақстан жағынан жиналысқа парламент өкілдері, министрлік және ведомство басшылары, еліміздегі жетекші банктер өкілдері, ҚазақМұнайгаз, Қазпошта, Қазақстан Темір жолы, Эйр Қазақстан, Қазақтелеком тәрізді Ұлттық компаниялар өкілдері мен Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің елшілері қатысып отыр.
Жыл сайынғы жиналыс бағдарламасында көптеген шаралар қарастырылған. Атап айтсақ, кездесу барысында «Ислам Даму банкінің қаржыландыру әдістері», «Ауылшаруашылығындағы биосолендік технологиялар орталығының іс-қызметі» тақырыбында семинарлар ,»Оралық Азиядағы әйелдер ролі», «Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің ішкі инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбындағы симпозиумдар мен Ислам елдерінің кеңесшілері Федерациясының бас қосуы тәрізді шаралар межеленген. Жиналысқа қатысушыларға арналып кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді.
Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады.
Бүгінге дейін Ислам даму банкі дүниежүзінің әртүрлі елінде 12,15 млн. ислам динарына тең 2202 операция жүргізді. Олардың барлығы да сауда-саттық немесе арнаулы көмек көрсету операциялары .
Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған. Несиелер алғашқы 3-5 жылында жеңілдетілген тәртіппен 15-20 жылға беріледі.

Соңғы жаңалықтар